Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
2004 жылғы бала үй шатырынан құлап, оқиға орнында мерт болды. Жамбыл облысында қатты желден барлығы 53 адам зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қалалық көпбейінді ауруханасына 43 адам барған, оның ішінде төртеуі стационарға жатқызылды, — делінген хабарламада.
Облыстық көпбейінді ауруханаға 4 бала түсті, оның үшеуі стационарға жатқызылды, біреуі амбулатория түрде ем қабылдады.
Байзақ аудандық орталық ауруханасына 6 адам жүгінді, қазір біреуі стационарда жатыр, бесеуіне амбулаторлық ем тағайындалды.
Медицина көмегіне жүгінгендердің басым көпшілігі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан бас, аяқ-қол және тағы басқа дене жарақатын алған.
Айта кетейік, кеше, 17 қарашада Жамбыл облысында қатты жел тұрды. Полицейлері жүргізушілерге аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпау туралы ескерту жасады. Жамбыл облысында жел салдарынан бірнеше елді мекенде газ құбырларына зақым келгені хабарланды.