Павлодар облысында жол апатынан екі зейнеткер қайтыс болды

14 қараша сағат 10:40-та Павлодар-Успенка-РФ шекарасы тасжолының 72 шақырымында «ВАЗ 21074» маркалы автокөлігінің тайғақ жолда жылдамдықты сақтамаған 70 жастағы жүргізушісі «Фольксваген Пассат» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 21074» көлігінің жүргізушісі мен 70 жастағы жолаушысы алған жарақаты салдарынан мерт болды, – делінген Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, «Фольксваген Пассат» автомобилінің 49 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Жол апатының тағы бір себебі − «Қазавтожол» ЖШС-ның қар тазалауды дұрыс ұйымдастырмауы болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу аясында осы тасжолды қадағалайтын ұйымды жауапқа тарту мәселесі де қарастырылып жатыр, − деді ведомство өкілі.