Департаменттің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» іс-шарасын өткізіп жатыр. Олар 11 қарашада сағат 8:50 шамасында патрульдік полиция инспекторларымен бірге «Ақтөбе-Ресей Федерациясы шекарасы» бағытындағы тас жолдың 616-шақырымында «Лада Гранта» көлігін тоқтатқан. Бұл көліктің иесі Исатай ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан шамамен 50-60 келі көлеміндегі ақ түсті 3 қаптарға салынған бекіре тұқымдас балықтарын анықтап, тәркіледі, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда ұсталған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.