Басты бетҚоғамЖаңбыр, қар,...

Жаңбыр, қар, көктайғақ: демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бөлімдер айқындайды.

Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жыра республиканың барлық өңірлерін қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз–3 жылу, күндіз 3 аяз–10 жылу, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз–7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылу болжанады, — делінген хабарламада.