Ведомствоның мәліметіне қарағанда, коронавирустан 9, пневмониядан 3 науқас қайтыс болды.
7 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 40 856 адам (35 528+ және 5 328 КВИ-), олардың ішінде 7 563 науқас стационарда, 33 293 науқас амбулатория деңгейінде емделіп жатыр, – делінген министрліктің хабарламасында.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 556 адамның жағдайы ауыр;
- 144 науқастың жағдайы өте ауыр;
- 104 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 031 адамнан коронавирус анықталды.