Алматы облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Жол апаты Ұйғыр ауданындағы Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тас жолының 3-ші шақырымында сәрсенбі күні күндіз болған.

Audi және Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысып, отқа оранды. Екі көліктің жүргізушісі, Nissan көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үшеуі Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды, кейінірек олардың екеуі көз жұмды. 5 жасар қыз жан сақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының төртінші бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.