Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ішкі істер министрлігі қауіпсіз көлік жүргізу үшін ауа райының әсерін, жауын-шашын кезінде жолдың дұрыс көрінбейтінін, сонымен бірге жол сапасының өзгерісін ескеру маңызды екенін еске салады. Сондықтан жүргізушілерге ауа райы жағдайларын ескеру, жылдамдық пен автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтау, ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеу маңызды, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге ведомство автокөлік иелерінен ауа райының өзгерісін мұқият қадағалап, ауа райы мен жолдардың жабылуы туралы ақпарат пен арнайы хабарламаларды ескеруді сұрайды.
Бұған дейін астанада таңғы сағат 7.00-ден бастап 70 жол-көлік оқиғасы тіркелгені хабарланды.