Келушілерге ыңғайлы болу үшін қызметті қолдану мүмкіндігінше жеңілдетілген. ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде енді кассаға барудың қажеті жоқ, құжат алу немесе өтініш беру кезінде бір талон алып, сізге қызмет көрсететін көші-қон қызметінің операторынан Halyk Homebank мобайл қолданбасының QR-кодын пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу жеткілікті.
Қызметті Halyk Bank ҚР Ішкі істер министрлігімен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп жасады.
Төлемнің бұл әдісін енгізу қажеттілігі бұрыннан пайда болды, өйткені жеке куәлікті тіркеу қызметі ең танымал қызметтердің бірі, тек былтырдың өзінде атаулы қызметті 2 миллионнан астам рет қолданған. Бұған дейін келушілер қызмет үшін кассаның терезесіне бару арқылы мемлекеттік баж салығын төлеп келген.
QR-код арқылы төлеу өте ыңғайлы, тағы бір даусыз тиімді жері: Halyk Homebank қолданбасының QR-кодымен төлеген кезде комиссия жоқ, ал касса арқылы төлеген кезде белгілі бір комиссия бар. Бұдан қоса, Halyk Homebank қолданбасындағы QR көмегімен төлем қызметін пайдалана отырып, банк клиенттері жүзеге асырған әрбір төлем үшін жоғары бонустар алады.
Halyk Homebank қолданбасының QR-коды көмегімен ХҚКО жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке, Кондоминиум объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша қызметтерді және Мемлекеттік тізілімнен халыққа көрсетілетін басқа да қызметтерді қосымша төлеуге болады.
Сонымен Halyk Homebank қолданбасы арқылы мемлекеттік бажды қалай төлеуге болады:
- Банк қолданбасына кіріп «QR» белгішесін іске қосыңыз.
- ХҚКО операторы мониторының экранынан QR сканерлеңыз және төлем жасау үшін Halyk Bank картасын таңдаңыз.
- Төлем жасаңыз.
Қызметті Қазақстанның барлық қаласындағы ХҚКО клиенттері қолдана алады.