Балаға берілетін жәрдемақыны енді Halyk Homebank арқылы рәсімдеуге болады

Ата-аналар үшін жақсы жаңалық! Жаңа туған нәресте үшін алатын жәрдемақыны енді Halyk Bank-тің мобайл қолданбасы арқылы ресімдеуге болады.

Банк Halyk Homebank мобайл қолданбасы арқылы бала туғанда берілетін жәрдемақыны және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді онлайн форматта рәсімдеу мүмкіндігін іске қосты. Қызметті бала туғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта қолдануға болады.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін екі қызмет бір-біріне біріктірілген. Өтініш беру үшін:

  • Halyk Homebank қолданбасында «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріңіз;
  • «Бала тууы бойынша жәрдемақыны» таңдаңыз;
  • Өтініш беретін баланы көрсетіңіз;
  • Барлық деректі тексеріп, өтінішке SMS арқылы қол қойыңыз.

Клиент өтінішті жіберген соң және оны мемлекеттік орган қарағаннан кейін нәтижесі және төлемнің тағайындалған сомасы туралы push-хабарлама және SMS жолданады.

Бұған дейін жәрдемақы Халыққа қызмет көрсету орталығына бару арқылы немесе Электрон үкімет порталы, 1414-ке SMS сервисті пайдалану арқылы рәсімделген.

Сервис Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялаудың арқасында іске қосылды.