Ақтөбелік телефон террорисі 5 жылға сотталады

Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, ол қалалық ішкі істер бөлімінің жедел орталығына қоңырау шалған.

Полицейлер күдіктіні көп уақыт өтпей ұстаған. Ол 27 жастағы Қобда ауданының тұрғыны болып шықты. Дегенмен, «бомба қойылды» деген дәмханаға төтенше жағдайлар қызметкерлері, саперлар мен полицейлер дереу жетіп, 87 адамды эвакуациялады.

Ол жерден ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Күдікті өз ісін «қалжыңдадым» деп түсіндірген. Бұл жыл басынан бері болған тоғызыншы оқиға. Оның бесеуінде жалған хабарлама бергендер ұсталды.

Еске салайық, 2 ай бұрын бірнеше мектепке бомба қойылды деп белгісіз біреу электронды хат жолдаған еді. Алайда, оның кім екені әлі анықталған жоқ.