Елімізде коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қазандағы мәліметі бойынша, 52 716 адам (46 116 + және 6 600 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 9 050 науқас, амбулаторияда 43 666 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 632 адамның жағдайы ауыр, 172 науқастың жағдайы өте ауыр. 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

@DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 805 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.