Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн қаншалық жақсы білесіз? Тестіден өтіп, тексеріп көріңіз.
Қандай жағдайда өлім жазасы тағайындалады?
Кейбір заңнамалық актісіне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 47-баптағы өлім жазасы алынып тасталған.
18 жасқа толмаған бала бір қызды зорлады. Ол жазаға тартыла ма?
Қылмыстық құқықбұзушылық сипатына қарай нешеге бөлінеді?
Қылмыстық кодекстің 11-бабы, 2-бөлімі бойынша, қылмыс сипатына және қоғамға төндірген қаупіне қарай төртке бөлінеді: онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр қылмыс, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс.
Әсет Алинаны еркінен тыс алып қашып кетті. Алина полицияға шағымданды. Әсет жазалана ма?
Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша, қызды еркінен тыс алып қашу адам ұрлау болып саналады. Бұл қылмыс үшін адам төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.
Бір топ қарақшы сауда орталығын басып алып, теракт жасамақ болды. Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырған, оларға басшы болған адамды не деп атаймыз?
Қылмыстық кодекстің 28-бабы, 2-бөлімі бойынша, құқық бұзушылықты ұйымдастырған, қылмыстық топты құрған, оған басшы болған адамды ұйымдастырушы деп атайды.
Мына қылмыстың қайсы Қылмыстық кодекс бойынша қаралады?
Діни, нәсілдік, ұлт арасында алауыздық туғызу қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қаралады.
Азамат мас күйінде қару-жарақ сататын дүкендегі сатушыдан қорқытып тапанша алып алды. Ол жауапкершілікке тартыла ма?
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 18-бабы, 2-бөлімі бойынша, ішімдік ішкен, есірткі қолданған адам құқық бұзса, жауапкершілікке тартылады.
Қуандық бір адамды қағып кетті. Қандай жағдайда Қуандықтың жазасы жеңілдейді?
Қылмыстық кодекстің 53-бабы, 4-бөлімі бойынша, қылмыс жасаған адамның балалары болса, өзі айыбын мойындап полицияға барса, қылмыстық құқықбұзушылықты ашуға көмектессе жазасы жеңілдейді.
Асқар қасақана адам өлтірді. Сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол 2015 жылы «Құрмет» орденін иеленген. Асқардың мемлекеттік наградасы кімде қалады?
Қылмыстық кодекстің 49-бабының 3-бөлімі бойынша, қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сотталған адамның арнаулы, әскери, құрметтi немесе басқа да атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан айыра алады.
Дина Аружанның денсаулығына жеңіл зиян келтірді. Сот Динаға айыппұл салды. Бірақ Динаның жалақысы кешіктіріліп жатыр. Дина не істейді?
Қылмыстық кодекстің 41-бабының 3-бөлімі бойынша, сотталған адамның жалақысы кешіктірілсе немесе төленбей жатса, айыпталушы сотқа өтініш жазып, айыппұлды кейін төлеуіне болады. Сот айыппұлды бір ай мен бір жыл аралығында төлеуге рұқсат бере алады.
Әлеуметтік желіде бөлісу: