Ауа райы: алдағы демалыс күндері күн жылиды

Синоптиктердің болжамына қарағанда, ауқымды антициклон әсерінен республика бойынша құрғақ, жылы ауа-райы қалыптасады.

Елдің батыс бөлігінде ғана, циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде болса желдің күшеюі, шаңды дауыл болады деп болжанды. Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының негізгі фоны 12….22 жылы, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13…20 жылы, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13….23 жылы болады, — делінген хабарламада.