14-16 қазан күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жел тұрады, шаңды дауыл сақталады. Ауа температурасының негізгі фоны күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15…23 жылу, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 7…15 жылу, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12….21 жылу болжанады, — делінген хабарламада.