Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері жарияланды

Мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 614,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 триллион 390, 1 миллиард теңге бағытталған.

Ал қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 67,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,3 миллиард теңге бөлінді.

1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 229 мың адамды құрап отыр. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады, – делінген министрліктің хабарламасында.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.