Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook-тегі парақшасында жазды.
Бүгінгі Бішкекке келген делегацияны ресми жақтан министріміз, қазақ өнерінің флагманы Асанәлі Әшімов бастап, Әлібек Дінішев қоштап, Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлі, Алтынбек Қоразбаев сынды ел ағалары, Секен Тұрысбеков, Алпысбай Қазығұлов, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Майра Мұхамед, Нұржамал Үсенбаева, Мейрамбек Беспаев, Татьяна Бурместирова, Нұркен Әшіров, Әділ Ахметов арнайы келіп, екі елдің тамырластығын өнермен көрсетуде. Алда кино апталығы, сурет көрмесі, гала-концерт, шығармашылық кештер, жекелеген кездесулер жоспарлануда. Екі елдің ынтымағы жоғалмасын!, — деп жазды ол.

