Басты бетЖаңалықтарҚамбадағы ұн...

Қамбадағы ұн қымбаттады

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев Үкімет қанша қанша талпынса да, бағаны ретке келтіре алмағанын айтты. Сәйкесінше, макарон мен нан өнімдері де қымбаттай түспек.

Депутаттың айтуынша, орылып алған астықтың көбі шетелге сатылып кеткен. Ал шаруалар өз қорындағы бидайды барынша қымбатқа сатады. Ғалым Әміреев тонналаған ұны бар кәсіпкерлер бағаның тағы өскенін күтіп, қымбатшылықты қолдан жасап отыр дейді. Мәліметке сүйенсек, соңғы айда астықтың бағасы 50 процентке, ал ұн 15 процентке қымбаттаған.

Айта кетейік, бұл күнделікті нан мен азық-түлік сатып алатын дүкендегі бағаға да әсер етеді. Мәселен, астанадағы дүкендерде 50 келі ұнның бағасы – 9 600-ден болса, қазір 10 200 теңге.

Депутаттың болжамынша, елдегі қымбатшылық пен биылғы қуаңшылықтың салдарынан астықтан түсетін өнімнің 30 процентінен қағылғалы отыр. Бағаны тұрғандыру үшін премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлуді сұрады.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен тұрақтандыру қорларына Үкімет резервінен қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін шешуді сұраймыз, бұл кейіннен нан, жарма және макарон өнімдері бағасының тұрақтануын қамтамасыз ететін болады, – деді Парламент мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев.