Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне алғыс айтты

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозерді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін америкалық дипломатқа алғыс айтты.

АҚШ-тың елшісі ретінде атқарған қажырлы еңбегіңізге ризашылығымды білдіремін. Құрама Штаттар – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш боп мойындаған елдердің бірі. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз, – деді президент.

Мемлекет басшысы достас екі ел халықтарының игілігі жолында Қазақстанның АҚШ-пен арадағы конструктивті ынтымақтастығын кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне алғыс айтты

Уильям Мозер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Сонымен бірге америкалық дипломат Вашингтонның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ниетті екенін жеткізді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа және аймақтық күн тәртібіне, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне алғыс айтты

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Мозерге алғыс төсбелгімен бірге табыс етіп, алдағы дипломатиялық қызметіне жетістік тіледі.

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне алғыс айтты

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне алғыс айтты