«Халық қаһараманы» — Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген, аса көрнекті қызметімен ерекшеленген және елдің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында азаматтық және жауынгерлік ерлік көрсеткен адамдарға берілетін атақ. «Халық қаһарманы» атағы 1993 жылы ресми түрде бекітілген. Оған ие болғандар «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» орденімен марапатталады.

Осы күнге дейін 32 адам «Халық қаһарманы» атанды.

Сағадат Нұрмағамбетов

Сағадат Нұрмағамбетов
Фото: Zharar.ru

Ең алғаш «Халық қаһарманы» атағы армия генералы, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке қазақ елінің қарулы күштерінің қалыптастыру жолындағы еңбегі үшін 1994 жылдың 23 мамырында берілді.

Қайрат Рысқұлбеков

Қайрат Рысқұлбеков
Фото: Azattyq.org

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1992 жылы толық ақталады. 1996 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескені бағаланып, «Халық қаһарманы» атағы беріледі.

Қасым Қайсенов

Майданда «Вася» болып шайқасқан Қасым Қайсенов екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі үшін 1995 жылдың 24 сәуірінде «Халық қаһарманы» атағына ие болды.

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы
Фото: dalanews.kz

Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы 1995 жылы «Халық қаһарманы» атағына лайық деп танылады.

Роза Бағланова

Соғыс пен бейбіт заманда дауысымен халықты жігерлендіріп, күш-жігер беріп, рухтандырғаны үшін 1996 жылы әнші Роза Бағланова «Халық қаһарманы» атанады. Роза Бағланова — елімізде бұл атаққа ие болған әзірше жалғыз әнші.

Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Әубәкіров
Тоқтар Әубәкіров. Фото: Азаттық радиосы

Тоқтар Әубәкров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, сынақшы-ұшқыш, генерал-майор. Ол Қазақстан бойынша алғаш болып ғарышты бағындырғаны үшін 1995 жылы «Халық қаһарманы» төсбелгісін тақты.

Талғат Мұсабаев

Талғат Мұсабаев
Талғат Мұсабаев

1995 жылы екі бірдей қазақстандық ғарышкер «Халық қаһарманы» атанады. Соның бірі — қазақтың екінші, дүниежүзінің 309-ғарышкері, генерал-майор Талғат Мұсабаев.

Мұхтар Алтынбаев

Мұхтар Алтынбаев
Фото: Tengrinews.kz

Мұхтар Алтынбаев АҚШ авиация базаларының бірінде атақты америка F-16 жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болды. Сол кезде оның кәсіби шеберлігін Америка мамандары жоғары бағалады. Ал 2006 жылдың 6 мамырында армия генералы, ұшқыш-мерген Мұхтар Алтынбаевқа Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» төсбелгісі табыс етілді.

Нұрғиса Тілендиев

композитор Нұрғиса Тілендиев
Фото: Tengrinews.kz

Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің «Әлиқисса», «Аққу», «Ата толғауы», «Сарыжайлау», «Жеңіс солдаты», «Өз елім» және тағы басқа көп әні бүгінге дейін ел аузында. Қазақтың музыка мәдениетіне өшпес мұра қалдырғаны үшін композитор 1998 жылы «Халық қаһарманы» атанды.

Мұхтар Әлиев

Мұхтар Әлиев
Фото: КРМУ

Жоғары атақты медицина ғылымының дамуына үлес қосып жүргендер де алды. Елге белгілі хирург, академик Мұхтар Әлиев 1995 жылы «Халық қаһарманы» танылды.

Рақымжан Қошқарбаев

Рақымжан ҚошқарбаевЕкінші дүниежүзілік соғыста Рейхстагқа ту тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Соғыс ардагері бұл атаққа майдандағы ерлігі үшін алды.

Әзірбайжан Мәмбетов

Әзірбайжан Мәмбетов
Фото: Kaztheatre.kz

Қазақстанның халық артисі, режиссер, қоғам қайраткері Әзірбайжан Мәмбетовке «Халық қаhaрманы» атағымен қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін 1998 жылдың 24 қазанында наградталды.

Хиуаз Доспанова

Хиуаз Доспанова
Фото: Abilet.kz

Елімізде «Халық қаһарманы» атағына ие болған екі әйел бар. Соның бірі — Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан жалғыз ұшқыш қазақ қызы Хиуаз Доспанова. Соғыстан кейін лауазымды қызмет атқарды. «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және тарихи маңызы бар көп ғимараттың құрылысына белсене ат салысқан. Осы барлық еңбегі ескеріліп, Хиуаз Доспановаға президенттің жарлығымен 2004 жылдың 7 қаңтарында «Халық қаһарманы» атағы берілген еді.

Бақытжан Ертаев

Бақытжан Ертаев
Фото: Qazaquni.kz

Әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев ауған соғысында көрсеткен ерлігі үшін 2008 жылы «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды.

Айдын Айымбетов

Айдын Айымбетов
Фото: Bnews.kz

2015 жылдың 14 қазанында президент Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын табыстады. Жарлықта ол бұл марапат ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін берілгенін жазылған.

Ахат Күленов

Ахат Күленов
Фото: Stan.kz

Инженер-металлург, өнертапқыш, техника ғылымының кандидаты Ахат Күленовтың әкесі «халық жауы» атанып қаза тапты, өзі 1994 жылы металлургия саласындағы қызметі үшін «Халық қаһарманы» болды.

Алексей Кулаков

ветеран
Фото: Inform.kz

1995 жылдың 24 сәуірінде Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі үшін ардагер Алексей Кулаков «Халық қаһарманы» төсбелгісімен марапатталды.

Мурдин Таипов

Мурдин Таипов
Фото: Tengrinews.kz

Мурдин Таипов — Отан соғысы ардагері. Ол екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Беларусь, Балтық республикаларын, Шығыс Пруссия, Польша, Чехословакия мен Венгрияны азат етуге қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін Жапон соғысына қатысқан. 1995 жылдың 24 сәуірінде майдандағы ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атанды.

Юрий Маленченко

Юрий Маленченко
Фото: Polit.ru

Ресей Федерациясының ұшқыш-космонавты, полковнигі Юрий Маленченко ғарышқа алты рет ұшып, орбитада 826 күн өткізген. Осы қызметі үшін ол 1995 жылдың 12 қаңтарында Қазақстанның ұшқышы Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаевпен бір уақытта “Халық қаһарманы” марапатына ие болды.

Аким Атмачади

Аким Атмачиди
Фото: Greek.ru

Аким Атмачиди — Семей құрама бетон өндіріс бірлестігінің директоры, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы. Семей өндірістік-қаржы тобының президенті болғанда оның басшылығымен кәсіпорындағы өндірістік процестер автоматтандырылды. Соның арқасында еңбек өнімділігі едәуір артты. Аким Атмачиди саладағы қызметі үшін 1995 жылы 29 желтоқсанда «Халық қаһарманы» атағын иеленді.

Бахтыораз Бейсекбаев

Фото: Wikipedia

Отан соғысы кезіндегі бомбалаушы, кіші сержант Бахтыораз Бейсекбаев жауынгерлік тапсырма кезінде қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін оған «Ресей Федерациясының батыры» және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Александр Христенко

1994 жылдың 15 қазанында Қарағанды ​​ғылыми-зерттеу совхозы-ауыл шаруашылығы институты директоры Александр Христенкоға Қазақстанның «Халық қаhарманы» атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» белгісі табысталады.

Александр Капорин

Фото: Wikipedia

2005 жылы Отан соғысының ардагері, танкке қарсы зеңбірек экипажының командирі Александр Капоринге «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Мәулен Қалмырза

Мәулен Қалмырза
Фото: Otyrar.kz

Мәулен Қалмырза — ағартушы, Отан соғысының ардагері. 2005 жылы Жеңістің 60 жылдығына орай, екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі үшін «Халық қаһарманы» төсбелгісімен марапатталды.

Шафик Чокин

Чокин
Фото: Ehistory.kz

Шафик Чокин Қазақстандағы энергетика ғылымы және Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының негізін салды. Сонымен бірге елдегі энергетика саласындағы ауқымды жобалардың авторы мен бастамашысы болды. Осы саладағы қызметі үшін 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағын алды.

Азамат Жұмаділов

Азамат Жұмаділов
Фото: El.kz

2007 жылдың 10 қазанында ҚР Қарулы күштерінің авиация әскерлерінің офицері Азамат Жұмаділов Алматы облысы Үштөбе қаласындағы үйде болған өрттен үш бала және олардың анасын құтқарады. Аға лейтенант осы ерлігі үшін сол жылдың 7 желтоқсанында «Халық қаһарманы» атағына ие болады.

Ғазиз Байтасов

Ғазиз Байтасов
Фото: Inform.kz

 

2011 жылдың 12 қарашасында полиция капитаны Ғазиз Байтасов Таразда 34 жастағы террорист Мақсат Қариевті ұстау кезінде қайтыс болды. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруына жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Оған осы ерлігі үшін  «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ғазиз Байтасовпен 2011 жылдың 14 қарашасында жерленді. Сол күні бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев полицейдің әйелі Гүлжамал Тәжиеваға марқұмның атына берілген «Халық қаһарманы» атағын, «Отан» орденін және «Алтын жұлдыз» төсбелгісін табыстады.

Дмитрий Родин

Дмитрий Родин
Фото: 100janaesim.ruh

2016 жылдың 27 наурызында Bek Air әуе компаниясының ұшқышы Дмитрий Родин Fokker-100 ұшағын Астана әуежайына алдыңғы шассисіз қондыра алады. Бортта 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген. Осы ұтқырлығы әрі ерлігі үшін 2016 жылдың 6 мамырында ұшқышқа «Халық қаһарманы» төсбелгісі тағылады.

Қайрат Үмбетов

Қайрат Үмбетов
Фото: El.kz

2016 жылдың 7 сәуірінде Қарағанды ​​облысының Қарабас ауылындағы оқу орталығында әскерге шақырылғандармен граната лақтыру кезінде оқыс оқиға болып, 6505 әскери бөлімінің штаб бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тігіп, жас сарбазды денесімен жауып, өлімнен аман алып қалды. Зардап шеккендер шұғыл түрде Абай қаласының ауруханасына жеткізілді. Сарбаздың аяғы, Қайрат Үмбетовтің аяғы мен иығы сынған. Кейін жас сарбаздың жауынгерлік жаттығуды орындау кезінде гранатаны дұрыс тастамағаны белгілі болған. Қайрат Үмбетов оқыс оқиға кезіндегі батыл қадамы үшін 2016 жылдың 6 мамырында «Халық қаһарманы» атағына ие болады.

Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

2019 жылдың 20 наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын жұлдыз» орденін тақты. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенті қызметіндегі ең алғашқы шешімі болды.

Мейіржан Айманов

Мейіржан Айманов
Фото: Liter.kz

2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын базада жарылыс болды. Жарылыс кезінде 17 азамат қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, жоғалған бір азамат әлі табылмады.

2021 жылдың 29 тамызында апат кезінде қаза тапқан Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.