Колледжерде оқуға ниет білдірген 9-класс түлектерін 100% тегін оқумен қамту жоспарланып отыр. Жыл сайын 9-кластан кейін 30 мың бала колледжерде ақылы оқиды. Олардың біразы қаржы жағынан қиындыққа байланысты колледждерді бітірместен, оқуын тастап кететін жағдай да жоқ емес. Сондықтан жастарды, оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-класс түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады, — деді вице-премьер.
Еске салайық, 2021 жылы еліміздегі колледждерге 9-11-кластардың 95 мыңнан астам түлегі мемлекеттік грантпен оқуға түсті.