Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырту алды

Ақорданың хабарлауынша, президент әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығының өте маңызды екенін айтты.

Дүниежүзіндегі құбылмалы жағдайды ешкім дөп басып болжай алмай отыр. Осыған қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенімге, достыққа негізделген, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

daa 7265 2 Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырту алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанына тоқталып, бауырлас елдің жетістігіне қуанатынын жеткізді. Сонымен бірге мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.

daa 7299 2 Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырту алды

Мұстафа Шентоп Қазақстанға жасаған сапары аясында қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді. Сонымен бірге ол пандемияға байланысты бетпе-бет кездесулердің шектелгеніне қарамастан, екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Қараша айында біздің елде өтетін Түркі кеңесі елдерінің саммитінде түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар маңызды шешім қабылданады деген үміттеміз. Өзіңізді сол саммитте күтеміз, – деді Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы.

daa 7314 1 Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырту алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да