Мен мұны бұрын да айттым, бірақ тағы да айтқым келеді, карьерама қолдау жасағаны үшін Ұлттық Олимпиада комитетіне, Қызылорда облысының басшылығына, Спорт және мәдениет министрлігіне шексіз алғысымды білдіремін. Менде бәрі жақсы және мен үшін Қазақстанды әлемдік аренада таныту үлкен мәртебе болды, — деп жазды Элизабет Тұрсынбаева Instagram-да.
Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы анасының айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.
Анамның сөзі біреуді қатты ренжітсе, кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, біз қазір бірге емеспіз, ол Мәскеуде, ал мен Қазақстандамын. Мен бүкіл жағдайға қатысты пікір айтпадым. Мұндай болып тұрады. Ештеңеге қарамастан, мен оны бәрібір жақсы көремін. Ол қазір артық айтқаны үшін қатты уайымдап тұрған шығар. Ол — өте ашық адам, ойлағанын, сезгенін айтады. Біз бәріміз бірдей ойламаймыз және сезінбейміз, біз — жеке тұлғамыз. Әртүрлі ойлаймыз. Әркімнің өз ойын айтуына құқы бар. Біреудің басындағыны білмесеңіз, талқылаудың керегі жоқ. Ата-ана, әсіресе, ана өз баласын бар жанымен қолдайды , — деп жазды спортшы.
Элизабет Тұрсынбаева бұған қоса азаматтардың парақшасына негатив қалдырмауын және баға жетпес уақытты мұндай пікірлер жазуға құртпауын өтінді.
Бұған дейін Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишах Сұлтанәлиева «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында қызының Қазақстан атынан өнер көрсеткеніне өкінетінін айтты.
Күйеуім екеуімізге бұл баланың бастамаларына апаратын жолды тездететін сияқты көрінді, бірақ бұл шешіміме қалай өкінетінімді білсеңіз ғой! Біз мәнерлеп сырғанау спорты жоқ ел үшін өнер көрсетудің қиын екенін алдын ала болжай алмадық. Сіз атынан шығып отырған елді әлемдік аренада мәнерлеп сырғанау бойынша бағаламауы…бұл — тозақ, — деді ол.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Элизабет Тұрсынбаева жарақатына байланысты спорттағы карьерасын аяқтағанын хабарлады.