27 қыркүйекте Қазақстанның астанасында қар жауады

«Қазгидромет» синоптиктері 27 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады.

Нұр-Cұлтанда циклонның алдыңғы бөлігінің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Шығыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метрге, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады, көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы.

Шымкентте де жауын-шашын жаумайды. Батыстан жел соғады, күші — 8-13, екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде  13-15, күндіз 22-24 градус жылы.