Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Astana Marathon 2021 жеңімпаздары белгілі болды

Фото: Нұр-Cұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Astana Marathon 2021 жүгіру жарысына биыл Қазақстанның 45 қаласы қатысып, рекорд көрсеткіш тіркелді. Марафонға дайындық деңгейі әртүрлі және оған барлық жастағы адамдар қатысты.

Astana Мarathon 2021 жеңімпаздары:

42,2 шақырым

Абсолютті ерлер

Бірінші орын — Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен, Өзбекстан;

Екінші орын — Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан;

Үшінші орын — Илья Тяпкин (02:24:23), Бішкек, Қырғызстан.

Абсолютті әйелдер

Бірінші орын — Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан;

Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан;

Үшінші орын – Ольга Богомольская (03:01:18), Алматы, Қазақстан.

18-39 жас

Ерлер

Бірінші орын — Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен, Өзбекстан;

Екінші орын — Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан;

Үшінші орын — Илья Тяпкин (02: 24: 23), Бішкек, Қырғызстан.

Әйелдер

Бірінші орын — Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан;

Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан;

Үшінші орын – Ольга Богомольская (03: 01: 18), Алматы, Қазақстан.

40-44 жас

Ерлер

Бірінші орын – Нүркен Халықберген (02:48:57), Алматы, Қазақстан;

Екінші орын — Еренғайып Қуатайұлы (02:59:42), Алматы, Қазақстан;

Үшінші орын – Ерік Боранбеков (03: 00: 44), Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Әйелдер

Бірінші орын — Гүлмира Туенбаева (04:22:54), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Әсел Сәдуақасова (04:26:43), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Үшінші орын – Марина Волошенко (04:37:04), Көкшетау, Қазақстан

45-49 жас

Ерлер

Бірінші орын – Самат Панов (03:06:51), Нұр-Сұлтан, Қазақстан:

Екінші орын – Еділбек Тайлақов (03:19:17), Құлан ауылы, Қазақстан:

Үшінші орын – Геннадий Карнилович (03: 27: 47), Шахтинск, Қазақстан.

50-54 жас

Ерлер

Бірінші орын – Тұрар Әбутәлиев (02:55:27), Нұр-Сұлтан, Қазақстан;

Екінші орын – Жақсыбай Есжанов (03:11:39), Нұр-Сұлтан, Қазақстан;

Үшінші орын – Меңдібай Әлімғазинов (03:26:16), Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

55-59 жас

Ерлер

Бірінші орын – Тұрсынғали Әлібаев (02:51:28), Алматы, Қазақстан;

Екінші орын — Қанат Сүгірбаев (03:05:56), Нұр-Сұлтан, Қазақстан;

Үшінші орын – Евгений Белов (03:19:04), Павлодар, Қазақстан.

60-64 жас

Ерлер

Бірінші орын – Талапнұр Байзақ (03:12:50), Нұр-Сұлтан, Қазақстан;

Екінші орын – Сергей Овчаренко (03:38:34), Жітіқара, Қазақстан;

Үшінші орын – Александр Таранченко (04:03:48), Павлодар, Қазақстан.

65-69 жас

Ерлер

Бірінші орын – Валерий Куликов (03:43:38), Шымкент, Қазақстан

70-74 жас

Әйелдер

Бірінші орын — Амегульсин Мусульманова (05:55:53), Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Ерлер

Бірінші орын – Николай Григорьев (03:56:36), Өскемен, Қазақстан.

10 шақырым

Абсолютті ерлер

Бірінші орын – Рахымжан Келманов (00: 31: 09), Алматы, Қазақстан.

Абсолютті әйелдер

Бірінші орын – Татьяна Нерознак (00: 34: 58), Алматы, Қазақстан.

Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Жарақатым бар еді. Оған қарамастан соңына дейін жеткеніме қуаныштымын. Мен үшін бұл — алғашқы ресми марафон. Бұған дейін де жүгіргенмін, бірақ оның нәтижелері бейресми болды. Ал бүгін маған әлемнің 6 үздік марафонына қатысуға болатын сертификат берілді. Бұл мен үшін үлкен жетістік, — деді 42,2 шақырым бойынша марафон жеңімпазы Тұрар Әбутәлиев.

Марафонның қола жүлдегері атанған Қырғызстан желаяғы Илья Тяпкин өз әсерін бөлісті.

Мен 30-дан астам марафонға қатыстым. 2009 жылдан бері жүгірумен айналысамын. Қырғызстаннан Нұр-Сұлтанға марафонға қатысу үшін арнайы келдім. Қазақстан астанасындағы екінші марафонға қатысып отырмын. 2017 жылы да үшінші болып келгенмін. Жүгіру жолымыз өте жақсы, ауа райы да керемет болды, бірақ өзім әдеттегідей дайындала алмадым. Өйткені белгілі бір қиындықтар болды. Сол себепті жоғары деңгейде қатысуға дайын емес едім. Ал алдағы уақытта барынша дайындалып келемін, – деді.

Марафон санитария нормаларын толық сақтай отырып өткізілді. Жарысқа вакцинацияланған азаматтар ғана қатыстырылды. Бұған қоса қатысушылар Ashyq жобасы қатысты.

Ең жас қатысушы 18 жаста, ең үлкені 76 жаста болды. 42,2 шақырым қашықтықта ерлер үлесі 86%, ал әйелдер 14%, 10 шақырым ерлер мен әйелдер үлесі 62% және 38% болды.

Жарысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сонымен бірге мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың әріптестері, астана тұрғындары мен қонақтары, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты.