Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста облыстық денсаулық басқармасының басшысы мәлімдеді.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 433 науқас емделуде. Төсек-орын жүктемесі 18,4%-ды құрайды. Ал, осыдан бір ай бұрын 1776 науқас инфекциялық стационарда жатқан болатын. Бүгінгі күнмен салыстырсақ науқастар саны 4,1 есеге төмендеп отыр. Сондай-ақ, соңғы бір айды саластыратын болсақ амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар саны 8693-тен 1534-ге төмендеген, яғни 5,6 есені құрайды,-деді ол.
Сонымен қатар, басқармасы басшысы облыстағы вакцинациялау жұмыстарына да тоқталып өтті. А.Байдуәлиевтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін өңірге 248 330 доза I компонент және 211 330 II компонент вакцина жеткізілсе, тұрғындардың 72,5%-ы екпе алып үлгерген.
Десе де басқарма басшысы соңғы уақытта екпе жұмыстары бәсеңдеген аудандарды да атап өтті. Айталық, облыс бойынша екпемен қамтудың ең жоғарғы көрсеткіші Атырау қаласында 80,0% және Құрманғазы ауданында 65,0% болса, ал керісінше ең төменгі көрсеткіш Махамбет 52,7% және Жылыой ауданында 36,2% құрап отыр.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдеріне екпе жұмыстарын күшейту қажеттігін баса тапсырды.
Елдегі вакцинациялау жұмыстарының оң нәтижелерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде насихаттау жұмыстарын жалғастырып, вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ азаматтардың толық екпеден өтуін қамтамасыз ету керек,-деді М.Досмұхамбетов.
Айта кетейік, облыста індет басталғалы 49 762 адамнан COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталып, осы аралықта сырқаттанған науқастардың 94%-ы сауығып шыққан.