Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазан қаласындағы Қазақстанның бас консулдығының консулдық окургі бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны шамамен 5 мың адам.
Ал Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Университетте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер жоқ, — делінген хабарламада.
Кеше Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 8 адам қаза тапты.