Алматыда «Медеу баспалдақ – 2021» жарысы өтпейтін болды

1988 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Медеу баспалдақ» шарасы 18 қыркүйекке жоспарланған.

Аталған спорт байқауына 500-ге жуық адам қатысып, олар 841 баспалдақпен жүгіріп өтуге тиіс. Алайда шараға тыйым салынды.

Мұндай шешімді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылдады.

15 қыркүйектегі қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес «Медеу баспалдақ» жарысы өтпейді, — делінген хабарламада.