Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысының жарлығымен Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды. Ол жұмысшыдан басталған еңбек жолында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, сондай-ақ қала әрі облыс әкімі сияқты жауапты қызметтерді атқарып, туған өңірінің өсіп өркендеуіне зор еңбегін сіңірді. Енді, біздің қатарымызға қосылып отыр, — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Осы орайда Серікбай Трұмов депутат ретінде ант берді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін, — деді ол.
Жалпы отырыс барысында палата депутаттары Серікбай Трұмовты Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің құрамына сайлады.
Айта кетейік, президенттің жарлығымен Серікбай Трұмов Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатылып, Сенат депутаты болды.