Серікбай Трұмов Сенат депутаты болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Серікбай Трұмов 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылған еді.