Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ақылбек Қабылдин мәлімдеді.
1 қазанда Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытында ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр. Ал, 1 қарашада Павлодар-Омбы, Павлодар-Семей бағытындағы жол ақылы болады. Бірақ бұл екі бағытта тек шет ел азаматтары үшін ақылы болады, — деді Ақылбек Қабылдин.
Ақылбек Қабылдин республикалық маңызға ие жолдардың күтімі туралы да айтты. Бүгінде Павлодар облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 1 662,8 шақырымда құрайды.
Республикалық жолдарда 28 мың шаршы метр аумақта шұңқырлар жамалды. 15 шақырым жолда 2 миллиард теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. 118 шақырым жолда 3,3 миллиард теңгеге орташа жөндеу жасалып жатыр. Сондай-ақ биыл жолдарды күтіп ұстауға 1,9 миллиард теңге бөлінді, — деді Ақылбек Қабылдин.
Филиал басшысы сонымен бірге Ертіс өзеніне салынатын жаңа көпір жобасының сараптама қорытындысын қараша айында шығатынын айтты.