Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтетіндіктен ауған проблемасы жан-жақты талқыланды, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-әрекеттерді талқылады.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ Ауғанстаннан тарихи отанына оралды.

18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан 25 азаматын, Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады.