Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Таразда жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

Видео скрині

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлімдеді. Оқиға 15 қыркүйекте болған.

Таразда Сәкен Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған, — делінген хабарламада.

Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараздың 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Exit mobile version