Экология министрі Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етті

Үкіметтің жаңа мүшесі Қазақстан халқына және президентiне мынадай мазмұнда ант бередi.

Қазақстан Республикасының халқы мен президентi алдында өз Отаным — Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн, — деді Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып 10 қыркүйекте тағайындалды. Оның алдында экология ведомствосын Мағзұм Мырзағалиев басқарған еді, ол энергетика министрі қызметіне ауысты.