Svevind Group неміс-швед компаниялар тобының басшысы Қазақстан президентіне «жасыл» энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективалары туралы айтты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысында жел және күн электр станцияларының құрылысына қатысты жобаны іске асыру және содан кейін ресурстарды «жасыл» сутегі өндірісіне бөлу жоспарлаған. Сонымен бірге жел генераторлары мен күн энергиясын өндіретін панельдерді жергілікті жерде шығару мүмкіндігі қарастырылып отыр, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға және ел экономикасындағы көміртегіне тәуелділікті төмендетуге басымдық беретінін айтты. Оның пікірінше, сутегі энергетикасына арнайы назар аудару керек.
Мемлекет басшысы компанияның ұсынған инвестициялық ұсыныстарын оң бағалап, Вольфганг Кроппқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.