Премьер-министрдің кеңесшісі тағы бір қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі Ерлан Қожағапанов «Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Ерлан Қожағапановтың мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылып, премьер-министрдің көмекшісі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.