Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сонымен бірге Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (қазіргі ҚазҰПУ) және Ресей кеден академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2020-2021 жылдары – Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында болды.

2021 жылы сәуірден бастап мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет атқарды.