Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады, — деп жазды ол Twitter-де.

Берік Уәли сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар мемлекет басшысымен екіжақты кездесулері жоспарланғанын хабарлады.

Еске салайық, 2021 жылдың мамырында Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге барды.