Милад Карими Түркиядағы әлем кубогында күміс медаль жеңді

Милад Карими аталған жаттығу бойынша іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтаған еді. Финалда Қазақстан спортшысы күміс медаль иеледі.

Алтынды канадалық Уильям Эмаард, қоланы румыниялық Габриэль Буртанете жеңіп алды.

Айта кетейік, Милад Карими сонымен бірге гимнастикалық кермедегі жаттығудан финалда 12.650 ұпай алып, 7-орыннан көрінді.

Бұл жаттығу бойынша Румыния спортшысы жеңіске жетті. Екінші орынды Канада, үшінші орынды Литва өкілі иеленді.

ДереккөзOlympic.kz