Милад Карими Түркиядағы әлем кубогының финалына өтті

Қазақстандық Милад Карими екі жаттығу бойынша финалға шықты. Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады.

Ол  қол тіреп секіруден 14.008 ұпай жинап, төртінші орынмен финалға жолдама алды.

Милад Карими
Милад Карими. Фото: Olympic.kz

Сонымен бірге Милад Карими гимнастикаләық кермедегі жаттығудан 13.350 ұпай алып, финалға өтті.