Лаура Қарабасова Қазақстандағы ең жас ректор болды

Осылайша ол республика бойынша ең жас ректор атанды. Бұл туралы университеттің Facebook-тегі парақшасы хабарлады.

Мұның алдында ректордың міндетін университет проректоры Рахым Бекназаров уақытша атқарған.

Лаура Қарабасова Асхат Аймағамбетов Оңдасын Оразалин
Фото университеттің Facebook-парақшасынан

Ректорды ұжымға таныстыруға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Осы университетке келудегі басты мақсат — кадр мәселесі. Конкурс жарияланып, Директорлар кеңесінің отырысында бұл мәселе бірнеше рет қаралды. Республикалық комиссияның шешімімен Лаура Қарабасова университеттің ректоры болып тағайындалды. Лаура Қарабасова Мұрат Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебін үздік бітіріп, одан кейін осы университетте білімін жетілдіріп, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы ең беделді ЖОО-лардың бірі Уорик университетін тәмамдаған. Сонымен қатар Назарбаев университетінде білімін жалғастырып, сол университетте менеджер мамандығынан бастап, департамент басшылығына дейін көтерілді. Лаура Чапайқызы осындай дүниежүзілік деңгейдегі білімімен, біраз тәжірибесімен өз университетінде жұмыс істейді, — деді Асхат Аймағамбетов.

Лаура Қарабасова
Фото университеттің Facebook-парақшасынан