Серікқали Брекешев экология министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру»мамандығы бойынша бітірген.

Ол 1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономисті болды.

1997 жылы Ақтаудағы Салық бөлімінің инспектор қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер болды.

1998-2006 жылдары «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері болып жұмыс істеді.

2007-2014 жылдары энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.

2015-2020 жылдары «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғам құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйекте бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі лауазымына келді.