Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылсын, — делінген хабарламада.

Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып 2019 жылдың 18 желтоқсанында тағайындалған еді. Ал оның алдында Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған.

Айта кетейік, бүгін Маңғыстау облысының әкімі болған Серікбай Тұрмов президенттің жарлығымен қызметінен босатылды.