Қазақстан азаматтары ЭЦҚ-ны шетелде ала алады

Пилоттық жоба Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы-Франкфуртта орналасқан 10 дипломатия өкілдігінде жұмыс істейді.

Азаматтар шет елдердегі мекемеге барар алдында Ұлттық куәландырушы орталығының www.pki.gov.kz порталында «Жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ» алу үшін алдын ала өтініш беруі қажет. Ол үшін NCALayer бағдарламасын орнатып, ЖСН енгізіп, тиісті бағандарды толтыруы қажет.

Консулдықтағы лауазымды тұлға азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты және өтініш бергеннен кейінгі бірегей нөмірі мен өз қолы бар өтініші негізінде ЭЦҚ кілттерін бере алады. Мұнан кейін өтініш беруші www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) іске қосуы қажет, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Электрон цифрлы қолтаңбаны қалай алуға болады?