Басты бет / Жаңалықтар /
мүгедектігі бар адам, Әнуарбек Майшыбаев
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?

Әнуарбек Майшыбаевтың жасы 37-де. Ол 18 жасында жол апатына ұшырап, содан бері арбаға таңылған. Отбасын құрған, жары да арбамен жүреді. Анасы — зейнеткер.

Сырғыма баспалдақ, жер үсті лифті

Әнуарбек Майшыбаевтың сөзінше, Алматыда Семейге қарағанда мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалған. Қаладағы біраз мекеме, ғимарат кіребесінде сырғыма баспалдақ (пандус) бар. Алайда оның көбі іске жарамсыз деуге болады.

Пандустың көбі өте биік, тік орналасқан. Одан арбамен сырғанап түсу мүмкін емес. Менің жанымда әрдайым анам көмекші ретінде бірге жүреді. Кей пандустан анамның көмегімен де шығып, түсе алмаймын, — дейді респондент.

Біз Алматының орталығы болып есептелетін Климент Тимирязев көшесі бойымен жүрдік. Әуелі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті алдындағы жерасты өткеліне бардық, Әнуарбектен ондағы сырғыма баспалдақты қолданып көруді сұрадық, бірақ ол баспалдықтың көрген бойда бірден бас тартты. Өйткені одан түссе, құлап жарақаттанатын айтты.

10bb022e20b7ff25eb1a42b2c15c3f24 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
3b75e4c44d3dc3a464128b163dba6a33 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бір жақсысы, екі жағында ұстауға болатын таянышы (перила) бар екен. Дегенмен өте биік. Қазір түссем, арба қатты жылдамдықпен сырғанап, тоқтай алмай қаламын. Мұндай биік әрі ұзын сырғыма баспалдақтарда арнайы электр көтеру құралы болуы керек, — дейді Әнуарбек.

e2424ef7cfee3dec7b8fb23729a76a86 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Дәл осы университетке қарсы бетте орналасқан тез дайындалатын тағам ортылығына кірдік. Ондағы сырғыма баспалдақ кішкентай екен, бірақ бұл қауіпсіз деген сөз емес. Онда мүгедектігі бар адам ұстап түсуі керек таяныш (перила) жоқ. Оның үстіне, сырғыма баспалдақ кафельден жасалғандықтан өте тайғақ.

da08efed4e37dce972bb59866dfbfee2 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әріптестерім Тимирязев пен Әуезов көшесіндегі KFC тағам орталығының пандусы да ыңғайсыз екенін айтқан, — дейді арбадағы адам.

c0864a936b6a0c4e423b02b31efdbdc5 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әнуарбек те, әйелі де «Мұзбалақ мүгедектігі бар адамдар» бірлестігінде жұмыс істейді. Олар жалақысын алу үшін банк қызметіне жүгінеді.

Әнуарбектің айтуына қарағанда, қаладағы көп банк ғимаратындағы пандус арқылы көтерілу-түсу қиын. Бірі өте биік болса, енді бірі ыңғайсыз.

b67e14fc1a38022c5e8f7c10bf513e1d Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мысалы, Көктем-2 шағынауданында орналасқан Halyk bank ғимараты алдындағы мына пандус тегіс емес екенін байқадық. Әнуарбек соның кесірінен арбамен әрең көтерілді.

2226f8ed5f6df455c6cc9cedbc4390c5 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алайда ол қайта төмен түсе алмады. Түссе, алда тұрған көлікке соғылады. Сол себепті оның түсуіне досы көмектесті.

d658776bfd91513062764d3e0b8454c7 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл — тек Halyk банкінде емес, басқа банк бөлімдерінде бар проблема, — дейді ол.

Климент Тимирязев көшесі бойымен жүріп келе жатқанымызда Әнуарбек бізге жол-жөнекей түсіп-шығуға ыңғайсыз пандустарды көрсетті.

907676b2daaa44003abe78b7a6c3197f Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл — Алматы горнизонының әскери соты ғимараты алдындағы пандус.

00575001d348112a661bee27839a911e Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
f77aa51329f6d7d034cc96cde8fc4225 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шәкен Айманов және Климент Тимирязев көшесі қиылысындағы Invitro медицина талдаулары және оған қапсарлас орналасқан cұлулық салоны кіреберісінде пандус атымен жоқ. Олардың ортасында орналасқан жабық мекеме алдында ғана мүгедектігі бар азаматтарға арналаған баспалдақ тұр. Алайда оның көмегімен сұлулық салонына да, медицина талдау орталығына да кіру мүмкін емес.

3df41d5c3319efc0a02f3ea89c89971c Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
e6a07f78f1200afb282927a76b8fab82 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Coworking and computer club алдында да сырғымалы баспалдақ бар екен. Алайда арбадағы адам біреудің көмегінсіз одан жоғары шыға алмайды. Әнуарбек тағы да досының көмегіне жүгінді.

19ca22255ba47e5fe8672e52550324a2 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a40836b6cbc07a5cd35742a32c7a504a Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мына баспалдақ жәшік тұрған жерге дейін созылса, мүгедектігі бар адамға өз бетімен көтерілу-шығу оңай болар еді, — дейді арбадағы адам.

41244ee9206e1082966572778ef31627 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әнуарбек Coworking and computer club жанындағы Legenda жаттығу залының алдындағы баспалдақтан түсті. Бұл пандусты ешкім қолданбайтынын байқадық. Себебі Әнуарбектің қолы әбден былғанды.

cdf0073f74e8d0d441092be210d3bd87 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
8ca580c0232df90899fa6741329d7326 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a6cc5a8e1665315e0891d3a1cf9237a2 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2cb69a089ece78ade8e6169b6eef5630 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кейіпкеріміз Желтоқсан мен Қазыбек би көшесінің қиылысындағы дәріханаға да кіре алмады. Себебі онда пандус жоқ әрі баспалдақтары үлкен.

dd259683c7948b91a4121e001250c63b Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
4b8749bea02f2e128d6f3ea3e85623da Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әнуарбек Майшыбаев қалада пандустан басқа, жер үсті көпірлеріндегі лифтілердің де жұмыс істемейтінін айтты. Мысалы, Райымбек даңғылы мен Иса Байзақов көшесі қиылысында орналасқан Maxima сауда ойын-сауық орталығының алдындағы лифт істемейді. Бұған дейін мұндай лифтілер қаланың әр жерінен көзімізге түскен, бірақ өкініштісі — ешқайсы істемейді.

473f6da750091a0cc1b5f2ebeb453fd4 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
8755c3fb577e34a05c0d0a601ab3b24c Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Есігі ашылмайды, ішінде кабинасы да жоқ.

bf21ea0d0229e14a318279a85fce74a8 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жолдың қарсы бетіне өту үшін Әнуарбек жақын маңдағы бағдаршамға баруы керек. Ал бұл жерге ең жақын бағдаршам 2 шақырым жерде орналасқан.

24a3dcc41ca119f16e22a1cb1ce6ea9d Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Автобус, такси

І топ мүгедектігі бар адамдар «Инватакси» қызметіне жүгіне алады. Бұл такси жүргізушілері оларды үйінен әкетіп, арбасын жинауға көмектесіп, межеге дейін апарып тастайды. Қажет десеңіз, қайтарда алып кетеді. Жолақысы — тегін. Бірақ Әнуарбектің айтуынша, инватакси үнемі бос бола бермейді.

Жұмыс істесең, «Инватаксиге» жұмыс кестеңді өткізіп қоюың керек. Сол кезде ол күнде жұмысқа апарып, әкеледі, бірақ басқа шаруаларыңмен шықсаң, алдын-ала хабарласып, ескертуің қажет. Мәселен, кешке бір жерге барсам, 09.00-де хабарласуым керек. Өйткені «Инватакси» бос бола бермейді. Кейде қоңырау соғып, хабарласа алмай жатамыз, — дейді Әнуарбек.

Әнуарбек демалыс күндері «Инватакси» бос болмаса, басқа такси қызметіне жүгінеді. Әйелі екеуі де арбада болғандықтан минивен көлік шақыртуға тура келеді екен.

Кейде асығып, қосымша ескертпесіне «мүгедектігі бар адамбыз, екі арбамыз» деп жазуды ұмытып кетеміз. Кішкентай көлік келсе, алмай кетеді. Содан минивен көлік шақыруды әдетке айналдырдық, бірақ ол қымбат болып кетеді. Ал көшеде такси тоқтату мүлдем қиын, — дейді ол.

Әнуарбек автобусқа көп мінбейтінін айтады. Себебі автобус жүргізушілерінің кейбірі пандусты түсіруге ерінеді екен.

Мен сияқты мүгедектігі бар кей әріптесім автобуспен қатынайды. Автобус жүргізушілер пандусты сирек түсіретінін айтады. Көбіне жолаушылар арбаны екі жағынан көтеріп жібереді, — дейді арбадағы адам.

2b63f03f68bc300d74db9d2b6cb11345 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
677bddd11d4a0f445b71cfaff3f20b4a Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазір Әнуарбектің көлігі бар. Жұмыстан бөлек шаруаларымен жүргенде көлігін пайдаланады. Кейбір адамдар мүгедектігі бар адамдардың автотұрағына көлігін қойып алатынына ашуы келеді екен.

Кей адамдар мүгедектігі бар деген қағазды тауып немесе принтерден шығарып, көлігіне жабыстырып алады, бірақ көліктен сап-сау адам түсіп келе жатады. Ашуың келеді. Мемлекет осыны қарастырса деймін. Көлікке жабыстырып қоятын қағазды ресми жасап, мүгедектігі бар адамдарға өздері таратқаны дұрыс болар еді, — дейді ол.

4565295769355000bdd83c77b94298a7 Алматыны мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы деп айта аламыз ба?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әжетхана

Әнуарбек Майшыбаев сауда орталықтарындағы дәретханалардың жағдайы қорқынышты екенін айтады. Оған бірден-бір кінәлілер — кәдімгі қараапайым Алматы тұрғындары. Себебі кейбір екі аяғы, екі қолы сау адамдар мүгедектігі барларға арналған әжетхананы қолданып, ластап, сындырып кетеді екен.

Мұндай адамдарды түсінбеймін. Әжетханада 10 кабинканың ары кеткенде екеуі ғана мүгедектігі бар азаматтарға арналған. Қалған сегізін қолдануына болады ғой. Жоқ, олар бізге арналған дәретханаларға кіріп, унитазға аяғымен отырып, ластап кетеді. Арнайы ұстауға арналған құралдарды сындырып кетеді. Ал оны сауда орталықтары да бірден жөндемейді, — дейді ол.

Әнуарбек Майшыбаев мемлекет мүгедектігі бар адамдардың осы мәселесін қарастыруын сұрайды. Ол мегаполисте мұнай қателердің болуы орынсыз деп есептейді.

Мақала туралы ойыңыз?