Қазақстан халқына арнаған жолдауымда республикада атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Мемлекеттің, халық пен бизнестің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын кез келді деп есептеймін, өйткені Қазақстанға атом станциясы қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономика форумында сөйлеген сөзінде.
Айта кетейік, бүгін, 3 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономика форумына қатысты.
Қазақстан президенті Қытаймен арадағы транзиттік қатынастарды кеңейту үшін «Достық-Мойынты» жаңа теміржол бағытының құрылысы басталатынын айтты.