Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған.
Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің бірлескен жұмысының арқасында 9 қыркүйектен бастап Венгрияның Wizz Air әуе тасымалдаушысы Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасында А320 ұшақтарымен аптасына 1 рет тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.
Венгрияға жасалатын рейстер санын ұлғайту мәселесі эпидемиология жағдайына және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешіміне байланысты қабылданады.
Рейстер санитария-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Айта кетейік, мұның алдында 15 қазаннан бастап Катар әуе компаниясы Доха-Алматы тұрақты әуе рейсін орындайтынын хабарлаған едік.