Басты бетЖаңалықтарАқмоладағы құс...

Ақмоладағы құс фабрикасында тауықтар аштан қырылып жатыр

Құстарға жем екі аптада бір рет беріледі. Аштықтан күніне үш мыңға дейін тауық өледі. Енді қызметкерлердің жалғыз міндеті – өлген құстарды торлардан шығару. Жалақының үнемі кешігуіне байланысты қызметкерлер де күнін әрең көріп отырғанын айтады.

Мен де 50 мың тауық болған. Енді тек 6 900 ғана қалды. Бұл – өте қорқынышты. Күн сайын өліп жатыр, – дейді бір құс шаруашылығының иесі.

Құс фабрикасының қызметкерлеріне де аштық қаупі төніп тұр. Мұнда жалақы 50 мыңнан аз және екінші айға кешіктірілген.

Сұрыптаушы Ирина Боролись бес жыл бойы жалақыларын уақытында алмайтынын, үнемі жалынуға мәжбүр екенін жеткізді.

Ақшамыз жем алуға да жетпейді. Сонымен қатар зейнетақы шотымызға, медсақтандыруға да ештеңе аудармайды, – дейді ол.

Кезіндегі ірі құс фабрикасы қазір өңірді жұмыртқамен де, етпен де қамтамасыз етуді әлдеқашан тоқтатқан. Басшылықтың айтуынша, мәселе қыста құст жемі қымбаттаған кезде басталған. Содан кейін бәсекелестер нарыққа шыққан. Енді компания банкрот болудың алдында тұр.

Басында майлы дақыл жетіспеді. Содан кейін Президент экспортқа тыйым салды. Сондай-ақ нарықта Ресей жұмыртқасы көп. Қазақстандық жұмыртқаның бағасы төмендеп кетті, – дейді «Агро-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Асқар Ақылбеков.

Кәсіпорын басшылары тірі қалған құстарды сатуды жоспарлап отыр. Табыс жалақы бойынша берешекті жабады. Зауыттың өзі үш айға жабылатын болды.