The Village Kazakhstan редакциясына шабуыл жасалып жатыр

The Village Kazakhstan редакциясы 1 қыркүйек күні, кешке белгісіз біреулер журналист Әсем Жәпішеваның Түркістан облысының Абай ауылында 3 жыл бұрын зорланған баланың отбасы және олардың қазіргі өмірі туралы жариялаған репортажы үшін шабуыл жасап жатқанын хабарлады.

Біз дәл қазір редакциямызға өзін әртүрлі ведомство өкілімін деп таныстырған белгісіз тұлғалар мақаланы өшіріп тастауды талап етіп, шабуыл жасап жатқанын хабарлауға мәжбүрміз. Тәуелсіз журналистерге қысым жасауды тоқтатуды талап етеміз. Біз жарияланған материалды өшірмейміз, — делінген TheVillage Kazakhstan хабарламасында.

The Village Kazakhstan редакциясының хабарламасы

Бұған дейін Әсем Жәпішева да өзін белгісіз адамдар қорқытып жатқаны жөнінде хабарлады.

Мен екі телефонымды да сөндіріп тастадым және хаттарды қарап жатқан жоқпын. Репортаж жарияланғаннан кейін маған өзін әртүрлі ведомство өкілімін (кешіріңіз) деп таныстырған белгісіз біреулер материалды өшіріп тастауымды талап етіп, қорқыта бастады, — деп жазды журналист өзінің TELEGRAM-КАНАЛЫНДА.

Әсем Жәпішеваның жазбасы

Журналист Әсем Жәпішеваның «Мальчик из Абая: Как живут пострадавшие от насилия спустя три года» материалы —  Түркістан облысының Абай ауылында 3 жыл бұрын зорланған баланың отбасы және олардың қазіргі өмірі туралы.

Мақалада зорланған бала туралы ақпаратты жасырғандар әлі жазаланбағаны, жәбірленушіге бүгінге дейін пәтер берілмегені туралы жазылған.