7 жасар Томирис бүгін 1-класқа келді. Қолында гүл шоғы бар. Мектебімен және алғашқы мұғалімімен танысады. Бұл маңызды күнде Томиристі білім ордасына атасы Талғат Кикелов ертіп келіпті.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мен де, Томиристің әжесі де 40 жыл бойы білім саласында қызмет еттік. Сол себепті білім күні — біз үшін ерекше мереке. Бұл мектепте, міне, үшінші немерем оқиын деп жатыр. Қиын заманға қарамастан, сабақтың дәстүрлі форматта өтетініне, оқушылардың класс ішін, ұстаздарын көргеніне қуаныштымыз. Болашақта немереміз білікті де білімді азамат болады деген сенімдеміз, — деді Талғат Кикелов.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алғашқы қоңырау басталды. Пандемияға байланысты салтанатты жиынға тек 1-класс оқушылары мен ата-аналары қатысты. Томирис және басқа оқушылар класс-класқа бөлініп, тізіліп сапқа тұрды.

1 қыркүйек, мектеп, білім күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні, гүл
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні, гүл
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Карантин талабына сәйкес, балалар медицина маскасын таққан. Қолдарында алғашқы мұғаліміне беремін деп әкелген гүл шоғы бар.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні, гүл
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Салтанатты жиында ең әуелі Мемлекеттік Ту шығарылып, Гимн орындалды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Артынша мектеп директоры Бағила Әшімбаева кішкентай бүлдіршіндерді мектептегі алғашқы қадамымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл жыл ерекше болмақ. Себебі Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесінің негізінде жасалған «Әліппені» оқисыздар. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасыздар, — деді мектеп директоры.

Мектепке енді келгеніне қарамастан, 1-класс оқушылары өнер көрсетті. Ән айтып, би биледі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Концерттен соң 1 және 11-класс оқушылары алғашқы қоңырауды соқты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қоңырау соғылған соң оқушылар мұғалімдерімен бірге класқа қарай бет алды. Класс жетекшілері балаларды отырғызып, жеке-жеке танысты. Сонымен бірге сынып сағатын өтіп, мектеп тарихы жайлы әңгімелеп берді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кейіннен мұғалім бүлдіршіндерге «Әліппе» таратты. Алғашқы оқулығына ие болған оқушылар мәз-мейрам. Бірі кітаптың мұқабасына қызықса, енді бірі ішіндегі суреттерді тамашалап жатыр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мектеп директоры Бағила Әшімбаеваның айтуынша, 2021-2022 оқу жылында Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында 2 075 оқушы білім алады. 1-класқа 390 оқушы қабылдаған. Карантин шектеулеріне байланысты алғашқы қоңырауды үш кезеңге бөліп өткізіп жатыр екен.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сағат 08.00-де бірінші алғашқы қоңырау өтті. Сіздер қазір екіншісін қатысып отырсыздар. Одан кейін үшіншісін өткіземіз. Бұл — карантин талабын сақтау шарасы. Биылғы мақсатымыз —  қашықтан оқыған 1,5 жыл ішінде кеткен олқылықтарды түзеу. Бұған мамандарымыз дайын. Жаз бойы кәсіби білімдерін дамытып келді, — деді мектеп директоры.

Бағила Әшімбаева мектепті үздік көп оқушы бітіргенін айтады және мектеп табалдырығын бүгін аттаған 1-класс оқушылары да жетістікке жететініне, білімді азамат болып өсетініне сенімді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы