Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Несіпбек Дәутайұлы баспасөз саласында жемісті жұмыс жасады. Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облысы бойынша филиалына жетекшілік етті. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға мол үлес қосты. Қарымды қаламгер ретінде шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген президент жеделхатында.
Айта кетейік, 29 тамыз күні жазушы Несіпбек Дәутайұлы 74 жасында қайтыс болды.